Қазақстанда 25 мыңнан астам бала инклюзивті біліммен қамтылған

16 Ақпан, 2015 11:24
ҚР-да 25 мыңнан астам бала инклюзивті біліммен қамтылған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР білім және ғылым министрлігі мектепге дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева хабарлады.

«Өздеріңіз білетіндей, бізде мектеп жасындағы  94 мың бала бар, олардың барлығын біз инклюзивті біліммен қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінде олардың 25 мыңнан астамы инклюзивті біліммен қамтылған, қалғаны үйде білім алады», - деп мәлімдеді ол.

Осы ретте, ҚР БҒМ өкілі атап өткендей, ведомствоның міндеті Қазақстандағы мектептерді  2020 жылға дейін  70%-йын инклюзивті біліммен қамту.

Өз кезегінде ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов түсіндіріп өткеней, жаңа стандарттар мен білім бағдарламаларын жасақтауда Қазақстанда инклюзивті білім берудің тәсілдері интеграцияланады.

«Бізге 2014 жылға міндет қойылған болатын, яғни барлық мектептерде өзгелермен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларда білім ала алатын болды. Сонымен қатар, бүгінде біз инфрақұрылым стандарттары бойынша жұмыс істеудеміз, біз олардың барлық талаптарға сай болуына қалаймыз», - деп түйді ведомство басшысы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар