Қазақстанда жетім балалар саны 7 пайызға қысқарды – БҒМ

16 Ақпан, 2015 11:02
Қазақстанда жетім балалар саны 35 пайыздан 28 пайызға дейін қысқарды, деп ОКҚ брифингінде Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

«Қазақстанда жетім балалар саны қысқаруда, соңғы үш жыл ішінде олардың саны 6 мыңға қысқарды, балалар үйіндегі балалар үлесі азаюда, олар қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. Олардың саны 35-тен 28 пайызға дейін қысқарды», - деді А.Сәрінжіпов.

Министр атап өткендей, елде мектепке дейінгі біліммен қамту 12,5 пайызға өсіп, 80 пайызды құрады.

«балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 12,5 пайызға өсіп 80 пайызды құрады. Демек, 80 пайыз бала мектепке дейінгі мекемеге барады. Осы жылы мемлекеттік жеке меншік серіктестікке көңіл бөлінеді», - деді ол.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар