• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан 2015 жылы Еуропалық Одақпен әріптестік және ДСҰ-ға кіру жөнінде келісімге қол қояды-СІМ

Қазақстан 2015 жылы Еуропалық Одақпен әріптестік және ДСҰ-ға кіру жөнінде келісімге қол қояды-СІМ

16 Ақпан, 2015 10:51
Қазақстан Еуропалық Одақпен әріптестік жөнінде және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келісімдерге қол қояды, деді еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Парламентте өткен Үкімет сағатында.

 «Өткен жылы Қазақстанның кеңейтілген әріптестік пен ДСҰ-ға кіру жөніндегі Еуропалық Одақпен келіссөздері аяқталды. Біз биылғы жылы осы екі мәселе де толық шешімін табады деген үміттеміз. Еуропалық Одаққа мүше 28 мемлекетпен жүргізілген көптеген бюрократиялық үдерістерден кейін біз аталған келісімге қол қойып, енді нақты іске кірісетін боламыз»,-деді Е.Ыдырысов.

 Оның айтуынша, биылғы жылдың 20-шы қаңтары күні Еуропалық Одақпен келісімнің мәтіні жария етілді. «Енді Дүниежүзілік сауда ұйымына қатысты да осындай жетістіктерге қол жеткіземіз деген ойдамын. ДСҰ-ның біз үшін тек экономикалық қана емес саяси да маңызы бар. Ол экономикалық қатынастардың тепе-теңдігін қамтамасыз ететін құрал іспеттес. ДСҰ арқылы біз әлемдік сауданың салаланған жүйесін оның стандарттары мен нормаларын және ережелерін үйренуге мүмкіндік аламыз. Біз үшін ДСҰ өрлеудің алғышарты. Қазақстан қазіргі таңда бұл мәселемен рет-ретімен айналысуда»,- деп қосты министр.

Бұған қоса Еуропалық Одақпен жұмыс барысында виза мәселесін реттеу маңызды бағыттардың бірі болмақ. «Біз еліміздің азаматтарының еуропалық визаларды алу кезінде үлкен қиындықтарға тап болатындығының куәсі болып жүрміз. Соған қарай аталмыш мәселені ұдайы әріптестеріміздің алдына қойып та отырамыз. Алдағы уақытта біз бұл мәселе бойынша жаңа еуропалық комиссиямен жүйелі жұмыс жүргіземіз деген ойдамын»,- деп нақтылады сөзін сыртқы істер ведомствосының басшысы.   

Барлық жаңалықтар