• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Жамбыл облысындағы сүт компаниясы тәулігіне 50 тонна сүт өндіруді жоспарлауда

ИИДМБ: Жамбыл облысындағы сүт компаниясы тәулігіне 50 тонна сүт өндіруді жоспарлауда

16 Ақпан, 2015 10:36
ҮИИД және «БЖК-2020» аясында Жамбыл облысындағы «Куликов и К» компаниясы «КМП» зауытының құрылысы мен жобалауы жұмыстарын тәмамдады.

Комапнияда 5 сауда маркасының 20 сүт өнімінің түрі өндіріледі: «Деревня Куликово», «Фитолини», «Ванильное небо», «Буря в стакане», «Ice ice baby».  Өнім құрамына айран, сүт балмұздақ және қаймақ енеді. Оның майлылығы әр түрлі пайызды құрайды.

Зауыт ашылғанда штаттық құрылым 50 адамды құрады. Келешекте  жұмыс орнын көбейту жоспарланған. Тәулігіне 10-15 тонна сүт өңдеу жоспарланған, тәулігіне 50 тонна өндіру мүмкіндігі қарастырылуда. Қондырғы Швеция,Италия, Ресей мен Қытайдан жеткізілген.

 

Барлық жаңалықтар