- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында ҚХА жылы аясында «Тіл – татулық тірегі» байқауы өтті
Қызылорда облысында ҚХА жылы аясында «Тіл – татулық тірегі» байқауы өтті
«Байқауға Қызылорда қаласы мен Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан 18-30 жас аралығындағы 9 талапкер қатысты.Байқауға қатысушыларды облыс әкімі аппаратының Қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Жұмабаев Асылбек Теңелұлы құттықтап, сәттілік тіледі», - деп хабарлады Ішкі саясат басқармасы.
Байқауға қатысушылар «Тіл – татулық тірегі» атты бейнероликтер байқауы, «Мемлекеттік тілді білу – бұл ...» атты эссе байқауы, ауызша тапсырмалар байқауы бойынша өз өңірін қазақ тілінде таныстырып, «Ой жарыс» байқауы бойынша 2015 жылы өтетін барлық атаулы күндерге қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Байқау қорытындысы бойынша Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинист көмекшісі Шиповских Геннадий І орынды жеңіп алса, Жалағаш ауданы орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің мейірбикесі Бондаренко Виолетта ІІ орынды, Қазалы ауданы, Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектептің тәрбиешісі Баркова Наталия ІІІ орынды иеленді», - делінген хабарламада.
Ал, Қазалы аграрлық-техникалық колледжінің 3-курс студенті Шамин Михайл, Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Метелев Евгений, Шиелі ауданы, №252 Г.Ковтунов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Чжен Марина ынтандаландыру сыйлықтарына ие болды.
Байқауға қатысушылар дипломдармен, ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.Облыстық байқаудың жеңімпазы ақпан айының 20-21-нде өтетін республикалық байқауға қатысады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары