• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Ақмола облысындағы диірмен кешені тәулігіне 520 тонна бидай өндіреді

ИИДМБ: Ақмола облысындағы диірмен кешені тәулігіне 520 тонна бидай өндіреді

16 Ақпан, 2015 09:48
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Ақмола облысының Жақсы ауданына қарасты «Урожай» ЖШС-і жаңа түркиялық құрылғымен жарақтандырылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».

«Агрофирма TNK» компаниялар тобына қарасты «Урожай» ЖШС-і 2003 жылы Жаксы ауданын толықтай әлеуметтік бағамен сатылатын сапалы әрі дәмді нанмен қамтамасыз еткен болатын»,-делінген медиаорталық таратқан хабарламада.

 Аталмыш мекеменің негізгі мақсаты-дақылды қабылдау, орналастыру, оны кептіріп, сақтау және көлікке немесе темір жол көліктеріне салу болып табылады. Сонымен қатар ол ұн және одан жасалатын өнімдерді сатады. Кәсіпорын Жақсы ауданында орналасқан және ол 33 гектар алқапты алып жатыр.

Онда жұмыс істейтін адамдардың саны 300. «Урожай» ЖШС-і тәулігіне 520 тонна егінді өңдеуге қауқарлы. Аталмыш жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен шығатын сапалы ұн елімздің оңтүстік өңірлеріне жіберіледі. Бұл шамамен алғанда айына 70 тоннадан асады.

Сонымен қатар мекемеде кебекті өңдейтін арнайы цех та бар. Кебек қазіргі таңда елімізде үлкен сұранысқа ие. Осыған қарай серіктестік өндіретін бұл өнім түрі Ресей, Ауғанстан, Иран сияқты мемлекеттерге де жөнелтіледі. 2014 жылы серіктестік өзінің жеке қаржысына малға қажетті жем-шөп әзірлейтін зауыт ашты.  «Урожай» ЖШС-нің наубайханасы тәулігіне 3 тонна нан мен тәтті нан өндіреді.  Онда сондай-ақ элктроқозғалқыштарды айналдыратын электроцех та бар.

Ол цех өз қызметін аймақтағы өзге аудандарға да көрсетеді. Мекеменің өнім өндіретін барлық цехтары өздерінің пештерімен жылытылады.  Естеріңізге сала кетейік, «Урожай» ЖШС-і Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ресми түрде ең үздік нан өндіретін кәсіпорын деп танылған. Сонымен қатар аталмыш кәсіпорын ТМД аймағында ең үлкен егін өнімдерін ұжымдардың бірі болып табылады.       

Барлық жаңалықтар