- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 13 мыңнан астам кәсіпкер оқыту курсын аяқтады
ОҚО-ның кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 13 мыңнан астам кәсіпкер оқыту курсын аяқтады
Облыс әкімдігі хабарлағандай, оның ішінде 2 218 бастауыш кәсіпкер болса, 462-сі әрекеттегі кәсіпкерлер, 719 адам жастар санатындағы азаматтар. Оқу курстарынан соң 640 азамат жалпы құны 1,7 млрд. теңге болатын жаңа бизнес жобаларды іске асырды.
«Соның нәтижесінде 400-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылған. Кәсіпкерлік мектебі облысымыздың барлық аудан қалаларында өз ісін ашамын дейтін азаматтарға кәсіпкерліктің алғашқы дайындық курсын және арнайы семинар-тренигтер, сонымен қатар әрекеттегі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары базасында тәжірибелік мастер класстар өткізіп, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдаулар көрсетуде», - делінген хабарламада.
Биылғы жылы Кәсіпкерлік мектебі елімізде алғаш рет жаңадан бірнеше жобаны іске қосып отыр. Оның ішінде жастарға арналған арнайы «Өркен» жобасы бар. Бұл өз ісін ашамын дейтін 18-29 жас аралығындағы жастар, оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне арналған бағдарлама. Келесі жоба «Сәтті бастама» деп аталады. Жоба бастауыш кәсіпкерлер үшін, оның ішінде өз ісін ашамын дейтін жұмыссыздар, жұмыспен өз бетінше қамтылғандар және жеке тұлғаларға бағытталған. Биылғы жылдың тағы бір жаңа жобасы «Өрлеу» бағдарламасы.
Бұл жобада жекелеген қысқа мерзімді тақырыптық тренигтер, семинарлар, тәжірибелік-далалық мастер-класстар өткізіліп тұрады. Бұл оқытуларға шағын және орта бизнес субъектілерінің басшылары мен қызметкерлері, белсенді кәсіпкерлер және шаруалар қатысады. Бүгін осы мектепте 32 сағаттық тегін оқыту курсы басталды. «Өркен» және «Сәтті бастама» бағдарламасы бойынша 98 адам оқыту курсын аяқтап, сертификат алғалы отыр. Оның ішінде 60-қа жуығы – жастар. Тренинг аясында жастарымыз бастапқы капиталсыз бизнесті бастаудағы мүмкіндіктері мен бизнес-жоспарды қалай дайындау керек екендігін, салық салу есептілігі мен бизнестің құқықтық аспектілерін үйреніп шықты.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар