- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Украинаның Мемлекет басшылары Минск кездесуінің қорытындыларын талқылады
Қазақстан мен Украинаның Мемлекет басшылары Минск кездесуінің қорытындыларын талқылады
14 Ақпан, 2015 21:53
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекеттер басшылары Украина дағдарысын реттеуге байланысты өткен Минск кездесуінің қорытындыларын талқылады.
Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу үдерісін ілгерілетуге қосқан жеке қомақты үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтқан Украина Президенті осы бағытта одан әрі қарай күш-жігер жұмсай беруін өтінді.
П.Порошенко Украина жағы оқ атуды белгіленген уақытта тоқтататынына сендіре отырып, екінші жақтың да осылай әрекет етуі қажет екендігіне назар аударды.
Қазақстан Президенті қақтығысып жатқан тараптар Минск келісімінде қабылданған кешенді шаралардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз еткені маңызды екенін айтты. Бүкіл әлем осыны күтіп отыр.
Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды