- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Германия, АҚШ, Моңғолия мен Тәжікстанның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардағы тәжірибесіне қызығушылық танытады
Қазақстан Германия, АҚШ, Моңғолия мен Тәжікстанның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардағы тәжірибесіне қызығушылық танытады
«Шетелдік әріптестердің осы мәселедегі тәжірибесі Қазақстанның да қызығушылығын туғызып отыр. Сондықтан да ҚР ҚК Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлерінің, ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының, «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» оқу орталығының өкілдері, ҚР ҚМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлері Душанбе қаласындағы АҚШ, Германия, Моңғолия және Тәжікстан мамандарымен бірлескен екі күндік практикалық семинарға қатысты. Қазақстанның бітімгершілік қызметі Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет ететін офицерлерді Гаитиге, Кот-д'Ивуарға, Либерия мен Батыс Сахараға бітімгершілік миссиялардың бақылаушылары ретінде жіберу жолымен іске асырылуда. Бүгінгі таңда сол мемлекеттерге үш қазақстандық офицер жіберілген. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында жыл сайын «Дала қыраны» бітімгершілік оқу-жаттығуы өткізіліп келеді», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Барлық бастамалар Қазақстанның этносаралық және дінаралық келісім моделін құру жөніндегі тәжірибесін таратуға қолайлы жағдай жасайды. Бұл тәжірибені әлемнің басқа елдері жоғары бағалайды және ол Қазақстанға дамып келе жатқан замануи мемлекет ретінде халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.
Айта кетерлік жайт, 2015 жылдың елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланғанын атап өткен жөн. Бұл жылды қазақстандықтар тәуелсіздік, бостандық, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы сияқты басты құндылықтарымызға арнайды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды