• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысындағы кәсіпорындар 1 трлн. 45 млрд.478 млн. теңгенің өнімін өндірді – әкім (ФОТО)

Қызылорда облысындағы кәсіпорындар 1 трлн. 45 млрд.478 млн. теңгенің өнімін өндірді – әкім (ФОТО)

15 Ақпан, 2015 17:12
Қызылордада өнеркәсіп кәсіпорындарымен 2014 жылы 1 трлн. 45 млрд.478 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Облыста өндірілген өнімнің 92 пайызы, салынған құрылыс нысандарының 50 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде, деп мәлімдеді Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халықпен есепті кездесуде.

Ол атап өткендей, қала бюджетінің 32 пайызы – білім, 33 пайызы – коммуналдық шаруашылық, 23 пайызы құрылыс саласына бағытталды.

«Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға арналған бағдарламалар нәтижелі жүзеге асуда. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасымен жоспарланған жұмыстар 1,5 есеге, «Құлан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар 2 есеге артығымен орындалды. Жыл ішінде 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.  143 мың шаршы метр  тұрғын үй пайдалануға беріліп, әлеуметтік нысандар бой көтерді. Біршамасы күрделу жөндеуден өтті. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін қалада екі аспалы көпір салынды. «Болашақ» университеті тұсындағы аспалы көпір пайдалануға берілсе, «Жайна» сауда үйінің маңындағысы жақын күндері ел игілігіне беріледі», - деді әкім.

Тұрғындар есепті кездесуде өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барлық сауалдарға жауап беріп, мәселелер кезең-кезңімен шешімін табатындығын жеткізді. 

Есепті кездесуге қатысқан аймақ басшысы Қ.Көшербаев Елбасының тапсырмасына сәйкес құрылысы басталған әлеуметтік нысандарды сапалы, уақытылы аяқтау қажеттігін тапсырды.

Барлық жаңалықтар