• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әскери теңізшілер су үсті кемелерінің жауынгерлік әзірлігін сынақтан өткізуде (ФОТО)

Әскери теңізшілер су үсті кемелерінің жауынгерлік әзірлігін сынақтан өткізуде (ФОТО)

15 Ақпан, 2015 15:56
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде әскери теңізшілер кеменің теңіздегі жауынгерлік жорықтарын ұйымдастыру және дайындау мәселелерін пысықтауда, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.

Осылайша, әскери кемелердің мүмкіндіктерін, экипаждың төтенше жағдайлар мен әуеде шабуылына және су үсті қарсыластың шабуылына тойтарыс беруге жауынгерлік әзірлігін іс жүзінде бағалауға болады.

Практикалық сабақтарға «Қазақстан», «Орал» және «Сарыарқа» ракета-артиллериялық кемелері, «Жайық» гидрографиялық кемесі және «Өжет» шағын күзет кемесі қатысуда. Сонымен қатар старшиналар құрамының біліктілігін арттыру бойынша сабақтар өткізілді.

Практикалық сабақтардың алдын ала қорытындысы бойынша капитан-лейтенант Рүстем Жүнісов басқаратын «Сарыарқа» ракета-артиллериялық кемесінің экипажы жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Кеме биыл қаңтар айында алғаш рет теңізге шыққан болатын. Осыған дейін экипаж басқа теңізшілермен бірге Каспийдің қазақстандық бөлігінде кезекшілік атқару, су үсті және су асты ахуалды зерттеу үшін алдағы жорықтарға белсенді түрде дайындалды. 
 

Барлық жаңалықтар