• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҚО Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық айтысқа дайындалуда

БҚО Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық айтысқа дайындалуда

15 Ақпан, 2015 18:31
Батыс Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ақындардың қатысуымен конференция өтті.

Кездесу барысында қатысушылар мәдениетті, дәстүрді, әдет-ғұрыпты насихаттау қажеттілігі турасында пікір алмасты. Сонымен қатар, жас ақындарға қолдау көрсету ұсыныстары да берілді, деп аймақтың ішкі саясат басқармасынан хабарлады.

«Аймақта талантты, қара сөзден өлең өрген жас ақындар өсіп келеді және  оларға тәжірибесі мол үлкендердің қолдауы қажет», - делінген хабарламада.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша кеңес құрылды. Енді ол өз жұмысын Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық айтысты ұйымдастырудан бастайды. 

Барлық жаңалықтар