- Басты
- Жаңалықтар
- Еңбекшіқазақ ауданында 2014 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 27 млрд теңгені құрады – әкімдік
Еңбекшіқазақ ауданында 2014 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 27 млрд теңгені құрады – әкімдік
Ол атап өткендей, ауданда 47,6 млрд. теңгеге инвестиция тартылып, 2215 жаңа жұмыс орындары ашылды және 974 мүгедек жандар жұмыспен қамтылды.
Ы. Бинәлінің айтуынша, ағымдағы жылы бірқатар жобалардың іске қосылуы жоспарлануда. Атап айтсақ, «Түрген Интеграция» компаниясының жеміс-жидек пен көкөніс өңдейтін зауыты мен 5 тоннаға дейін өнім сақтайтын қойма құрылысының жобасы. Бұл нысанға 2,7 млрд. теңгеге инвестиция тартылып жаңадан 30 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Бұдан басқа инновациялық технологиямен алма көшеттерін өсіріп оны өңдейтін «Астана фрутс» фирмасы да өз жұмыстарын қолға алуды жоспарлауда. Құны 600 млн. теңге құрайтын жоба іске қосылғанда 50 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Бөлек ауылдық округінде «Агромеркур» компаниясының қолға алуымен 800 бас ірі қара малына арналған бордақылау алаңы мен 1200 бас ірі қара малынан сүт өндіру фермасы іске қосылады деп күтілуде. «Бұдан басқа да ауданда Есік ГЭС-і мен Түрген ГЭС-нің алғашқы кезегінің құрылыстары мен үшінші кезектерінің іске қосылуы жоспарланып отыр. Шелек ауылында жел электр станцияларының құрылысы жүргізілмек», - деді әкім.
Ағымдағы жылы әлеуметтік салада да бірқатар жобалар жүзеге асырылады деп күтілуде. Атап айтар болсақ, Қаракемер ауылында 400 орындық жатақханасы бар 600 оқушыға арналған кәсіптік-техникалық лицейі қолданысқа берілетін болады. Аудандағы Қайыпов ауылында жалпы құны 799,1 млн. теңгені құрайтын 300 орындық орта мектеп құрылысы, Есік қаласында 280 орындық бала бақша құрылысы басталды. Бұдан бөлек аудан көлемінде 8 бала-бақша мен 2 орта мектеп құрылысының жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, оған бюджеттен 87,5 млн. теңге қарастырылды.
Облыс әкімі Амандық Баталов кездесуді қорытындылап, алдағы уақытта жоспарланып отырған өзекті мәселелерге тоқталды. «Экономика дамуының басты көрстекіштерінің бірі ол - өндіріс өнімінің көлемі. Еңбекшіқазақ ауданы мүмкіндіктері зор үлкен аудандардың бірі. Елбасы атап өткендей біз аудандар арасындағы сәйкессіздіктерді жоюымыз қажет. Бұл жұмыстарда Еңбекшіқазақ ауданының көрсеткіші Қарасай, Іле аудандарын асып түсіп алдыңғы орынға шығуы тиіс. Соның ішінде ауылшаруашылығы өнімін өңдеуге баса назар аударуымыз қажет. Бүгінгі күні аудан ауылшаруашылығы өнімдерінің 13%-н береді. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра беруіміз қажет», - деп атап өтті Амандық Баталов.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі