Алматы облысында пастерленген сүт желісі іске қосылды (ФОТО)

14 Ақпан, 2015 13:18
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Адал» агроөндірістік кешенінде жаңа пастерленген сүт желісі іске қосылды. Оның ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

Аудандағы бұл сүт өңдейтін «Адал» агроөндріс кешені жоғары технологиялы импорттық арнайы құрылғылармен жабдықталған. Қайта өңдеуден өтіп, залалсыздандырылған 1 жыл сақталатын сүттің 3 түрі зауыттың өнім өндіру көлемін 2 есеге ұлғайтты. Бүгінде бұл жерде күніне 250 тонна сүт өңделеді, деп хабарлады аймақтың әкімдігі.

«Адал» АҚ директоры Серік Смаиловтың айтуынша, бұл өндіріс кешені кеңейтілген үкімет отырысында Елбасының мәлімдегеніндей  «Қазақстанда жасалған» акциясының бастамасы болды. Бүгінгі күні осы жаңа үлгімен сүт өнімдерінің 35 түрі шығарылып, алдағы уақытта сүт өндірудің тағы бір саласы іске қосылмақ.

Барлық жаңалықтар