• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырыла бастады

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырыла бастады

13 Ақпан, 2015 17:13
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «2011-2015» жылдарға бағытталған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыруға кірісті, деді министр Тамара Дүйсенова.

«Биылғы жылы біз «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын аяқтаймыз. Министрлік өкілдері енді аталмыш бағдарламаның екінші кезеңін жүзеге асыруға кірісті. Жаңа бағдарлама 4 кезеңді қамтиды. Оның біріншісі бойынша медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қажет. Яғни елімізде жұмысшылардың денсаулықтары үшін  жұмысшының өзі де жұмыс беруші де бірдей жауапты болады»,-деді министр Орталық коммуникациялыр орталығында өткен брифингте.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы министрлік өкілдеріне 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді тапсырған. Қазіргі таңда бұл мәселенің барлық бағыттары бойынша арнайы жұмыс топтары құрылған. «Екінші бағыт бойынша алғашқы медициналық-санитарлық  көмекті жетілдіруді қарастырады. Яғни, болашақта дәрігерлер бірінші кезекте аурудың салдарымен емес, оның алдын алумен айналысулары керек»,-деді Т.Дүйсенова.

Сонымен қатар бағдарламада кадрларды оқыту мен дайындау жұмыстары және денсаулық сақтау саласын басқару жүйесін енгізу де қарастырылған.         

Барлық жаңалықтар