- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Ыдырысов: Қазақстанның өскелең ұрпағына қамқорлық көрсетуі жай ғана сөз емес
Е. Ыдырысов: Қазақстанның өскелең ұрпағына қамқорлық көрсетуі жай ғана сөз емес
Кездесу барысында Қазақстанның Қорға көрсететін едәуір көмегі және ҚР мемлекеттік органдарының ЮНДАФ-ты және 2010-2015 жылдарға арналған ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық елдік бағдарламасын орындауда белсенділіктері атап өтілді.
Белгілі болғандай, 1989 жылы қабылданған Бала құқытары туралы конвеция БҰҰ бас құжатына айналып, бала құқықтары мен міндеттерін бекітті. Бүгінгі күні Конвенция бүкіл әлем елдері қол қойған әмбебап халықаралық құжат болып табылады.
Балаларды қорғау және шетелден бала асырауға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияға 1993 жылы Гаагада қол қойылып, Қазақстан оны 2010 жылы 12 наурызда ратификациялады. ЮНИСЕФ қолдауымен Қазақстанның Гаага конвенциясын жүзеге асырудың жаңа стандарттарына өту жұмысы жүргізілуде.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшысы атап өткендей, Қазақстан аталған конвенцияларға зор көңіл бөледі және олардың дұрыс жүзеге асырылуына бар күшін салады. Ол айтқандай, Қазақстан балалар өлімі бойынша Мыңжылдықтың даму мақсаттарына (МДМ4) жету жолында, сәби өлімінің деңгейін кемітуге қосымша күш-жігер салады. Білім беру саласындағы Мыңжылдықтың даму мақсаттарына (МДМ2)бастауыш, орта және жоғары білім беру деңгейлерінде қол жеткізілді.
ҚР СІМ басшысы Қазақстан мен ЮНИСЕФ қатынастарының зор тарихын атап келе, ұйыммен ынтымақтасудың басты мақсаты адамға қамқорлық көрсету деді. «Адамға, жас қазақстандықтарға қамқорлық көрсету идеясы ынтымақтастығымыздың басты бөлігі болып табылады. Қазақстан жас ұрпақтың білімі мен денсаулығына зор көңіл бөліп, бұр салаға едәуір инвестицияларды жұмылдыруда. Қазақстанның жас ұрпағына қамқорлық көрсетуі жай сөз ғана емес - бұл ақиқат», - деді ол.
БҰҰ Бала құқытары бойынша комитетінің ұсыныстарын орындау туралы айта келе, Министр ювеналды юстиция жүйесін дамыту, сонымен қатар бала еңбегін эксплуатациялауды болдыртпау, жетім балаларды жанұяда өсірудің алтернативті түрлерін енгізу, мүгедек балалардың ерекше қажеттіліктерінқамтамасыз ету секілді мәселелердің өзектілігін растады.
Орталық және Шығыс Еуропа және ТМД елдері үшін ЮНИСЕФ Өңірлік офисінің бөлімшесін Алматыда ашу мәселесі бойынша Женевада алдағы айларда ЮНИСЕФ Өңірлік офисінің өкілдерімен консультациялар жоспарланған.
«Орталық Азия елдерімен ықпалдастықты кеңейту мен тереңдету Қазақстан сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Өңірлік жобалар мен бағдарламаларды БҰҰ-мен бірлесіп құру және жүзеге асыру аймақтық интеграцияны дамытудың маңызды бағытына айналуы керек»,-деп түйді Е. Ыдырысов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда