• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі біздің көңілге сенімділік ұялатады - А.Қалиев

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі біздің көңілге сенімділік ұялатады - А.Қалиев

13 Ақпан, 2015 20:23
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде біздің тыныс-тіршілігімізге қатысты мәселелердің барлығын қамтыды, деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ә.Қалиев.

«Елбасы бюджетті қысқарту мәселесіне қарамастан, денсаулық сақтау саласын жаңғырту қажеттігін атап өтті. Бұл ретте мен медицина маманы ретінде денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуды басты мәселе дер едім»,-деді басқарма бастығы.

Оның пікірінше, ғылым күннен күнге даму үстінде. Осыған қарай дәрі-дәрмектер мен түрлі препараттардың саны да арта түсуде, медициналық құрылғылар да жаңаруда. Медицинада жаңа мүмкіндіктер туындауда.

«Ақтөбе облысының өзін алатын болсақ, биылғы жылы онда құрлымыдық өзгерістер болмақ. Нақтырақ айтқанда, мамологиялық, гастроэнтэрологиялық, амбулаторлы-офтальмологиялық орталықтар құру, ер адамдардың денсаулығы мен отбасы өмірінің ұзақтығын қадағалайтын орталықтар ашу жоспарланып отыр. Яғни, болашақта медицина саласының ең соңғы деген материалдық базасы мен аймақтың жетекші деген мамандары бір жерге топтастырылады. Сөйтіп,  біз аймақтың кадр әлеуеті мен мықты құрылғыларын барынша тиімді пайдаланатын боламыз»,-деді басқарма бастығы.

Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі  қалың көпшіліктің көңіліне сенімділік ұялатқандығын айта келе, «Біз де өзіміздің тарапымыздан Елбасы алдыға қойған міндеттерді дер кезінде орындап, халқымыздың әрбір азаматының дені-қарны сау, денсаулығы мықты  болуына барынша үлес қосатын боламыз»,-деп түйді.    

Барлық жаңалықтар