• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда ішкі көші-қонды реттеу шараларын жетілдіру тәсілдері қарастырылуда

Қазақстанда ішкі көші-қонды реттеу шараларын жетілдіру тәсілдері қарастырылуда

13 Ақпан, 2015 15:41
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов ҚР Парламенті Мәжілісінде «Көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырды.

Ведомсвтоның мәліметі бойынша, Қазақстанның ішкі көші-қонына 337 адам қатысады, оның 146 мыңы аймақаралық және 191 мыңы аймақтық көші-қонға қатысады.

Болжам бойынша  2050 жылға қарай ағымдағы тенденция жағдайында солтүстік аймақтардың халқы 0,9 млн адамға азаяды, ал оңтүстік аймақтарда 5,2 млн адамға көбейеді. Оңтүстіктегі халықтың орналасу тығыздығы солтүстікпен салыстырғана төрт есе артық болады.

Өз кезегінде, бұл өзгешелікті ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов, ҚР оңтүстігі мен солтүстігіндегі халықтың әрқалай орналасуына байланысты, деп түсіндірді.

 ««Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жұмыс күші артық өңірлерден Үкімет белгілеген аймақтарға көшіру жалғасады. Ол үшін көшушілер үшін дәстүрлі саналатын бағыттар бойынша кәсіпкерлікті дамытатын арнаулы бағдарламалар әзірлеу жоспарлануда. Көшіп барған өңірлерде оқу орындарының санын арттыру, жұмыс күші артық өңірлердің ауыл жастары үшін жоғары оқу орындарында және колледждерде оқуына арнаулы гранттар енгізу қарастырылып отыр», - деп мәлімдеді Арғандықов.

Бұдан басқа,  Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін олардың жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жарақтандырылатын арнаулы жұмыс орындарын ашу, кәсіпорын қызметкелері санының орташа көлемінен 2-ден 4 пайызға дейін мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу, мүгедектерді жұмыспен қамту үшін арнаулы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қарастырылған.   Жалпы, аталған заң жобасы көші-қон саясатын елеулі түрде жетілдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарды белсенді түрде жұмысқа тартуға мүмкіндік береді.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар