• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылға Ұлттық қордан бөлінетін кепілді трансферт өзгермейді - сенатор О.Перепечина

2015 жылға Ұлттық қордан бөлінетін кепілді трансферт өзгермейді - сенатор О.Перепечина

13 Ақпан, 2015 15:21
2015 жылға Ұлттық қордан бөлінген трансферт өзгермейді, деді Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Бюджетке енгізілген түзетулер сырттан келетін әсерлерді әлсіретіп, отандық экономиканың қарқынды дамып, азаматтардың әлеуметтік мүмкіндіктерін қорғап қалуы керек»,-деді сенатор.

Ол келтірген мәліметтер бойынша, мемлекет бюджетінің кірістері 900 миллиард теңгеге қысқартыла отырып, түзетілуі мүмкін. Дегенмен, ұлттық қордан 1 триллион 732 миллиард теңге көлемінде  бекітілген кепілді трансферт сол қалпында қалмақ. «Мұнай бағасының төмендеуі өз кезегінде өзге де тауар бағаларының құлдырауына алып келеді. Қазіргі таңда ол алтын мен бағалы металдарға деген бағаның құлдырауына алып келіп отыр. Осы уақытта металдар мен пайдалы қазбаларға деген макробағалардың болжамдарының жайсыз болуына байланысты өзгерістер немесе түзетулер корпоративті салық пен табыс салығы және қосарланған құн салығы бойынша енгізілуі ықтимал»,-деді О.Перепечина.

Бұл ретте ол Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан елімізге жаңа жағдайға, жаңа талаптарға бейімделе білу керектігі жөніндегі мәселеге назар аудара отырып, экономикалық және заңдық бағытта жедел шаралар қабылдау маңызды екендігін атап көрсетті.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар