• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында «Балапан» бағдарламасы аясында 76 мектепке дейінгі мекеме ашылды

Ақтөбе облысында «Балапан» бағдарламасы аясында 76 мектепке дейінгі мекеме ашылды

14 Ақпан, 2015 19:21
Ақтөбе облысында 2011-2014 жылдарда «Балапан» бағдарламасы аясында 7 266 орынға есептелген 76 мектепке дейінгі мекеме ашылды, деп хабарлады аймақтың білім басқармасы бастығының орынбасары Жәния Исатаева.

«Қазіргі таңда облыста 527 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді, оның 259 балабақша, 268-ы 43 392 баласы бар  шағын орталық. 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды қамту көрсеткіші 64,4 пайызды, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту 87 пайызды көрсетіп отыр», - деді ол.

Оның айтуынша, 2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беру саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының индикаторының бірі 2020 жылға дейін жан басына шаққанда қаржыландыруға көшу. «Бүгінде аталмыш жан басына шаққанда қаржыландыру жүйесі  Алғы, Әйтекеби, Ырғыз, Қарғалы, Мұғалжар, Шалқар аудандары мен Ақтөбе қаласындағы 15 мектепте жүргізілуде», - деп толықтырды ол.

Ж.Исатаева атап өткендей, еліміздің білім беру жүйесін жаңғырту әлемдік тәжірибеге сүйене отырылып жргізіледі. 

Барлық жаңалықтар