- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған орталық ашылды
Жамбыл облысында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған орталық ашылды
Аталмыш орталықты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ұлттық экономика министрлігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырған. Орталық «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Онда түрлі мекеме мен компания өкілдері кәсіпкерлерге ақыл-кеңес береді. Сондай-ақ, олар кәсіпкерлік бойынша қолға алынған жобалардың талапқа сай жүзеге асырылуын қадағалап, оларға қолдау көрсетеді.
«Жуалы ауданында мұндай орталықтың ашылуы біз үшін үлкен маңызы бар оқиға. Ең бастысы, мұндағы өз бизнесін ашамын, өз ісін бастаймын деген кез-келген азамат орталыққа келіп, ақыл-кеңес алып, тіпті кәсіпкерлерге қатысты мемлекет тарапынан ұсынылып отырған жеңілдіктер жөнінде де мол мағлұматтардан қаныға алады. Бұл жұмыстардың «жалғыз терезе» қағидатымен жүзеге асуы әр азаматтың уақытын үнемдейді»,-деді Жамбыл облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау мекемесінің директоры Асан Қошмамбетов.
Аталмыш орталықтар жыл соңына дейін Жамбыл облысының барлық аудандарында ашылады деп күтілуде. Өз кезегінде облыс кәсіпкерлері өздеріне қажетті заңдық, бухгалтерлік, кедендік, салықтық сияқты өзге де салалар бойынша барлық қажетті ақыл-кеңестерді тегін алатын болады. Олар сонымен қатар орталықтардан құжаттарды дұрыс дайындау жағын да үйреніп, кәсіпкерлерге берілетін несиелердің алу жолдарын да үйренеді. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпкерлер өздерінің білім-біліктіліктерін арттырып, сауатты жұмыс істеуге мүмкіндік алатын болады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды