• Главная
  • «Астана» өңірлік қолбасшылығында Ауғанстандағы соғыстың ардагерлеріне құрмет көрсетілді (ФОТО)
13 февраля, 2015 20:41

«Астана» өңірлік қолбасшылығында Ауғанстандағы соғыстың ардагерлеріне құрмет көрсетілді (ФОТО)

36352 әскери бөлімінің базасында Ауғанстандағы соғыстың ардагерлері арасында нысана көздеуден жарыс өтті. Бұл жарыс «Астана» өңірлік қолбасшылығында тұңғыш рет өткізіліп отыр.
«Астана» өңірлік қолбасшылығында Ауғанстандағы соғыстың ардагерлеріне құрмет көрсетілді (ФОТО)

Нысана көздеуден өткен жарысқа төрт команда қатысты: Ауғанстандағы соғыс ардагерлері, Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері және «Астана» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің әскери қызметшілері. Бұл іс-шара Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 26 жыл толуына орайластырылып отыр, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.

Командалық есепте 1-орынды ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерінен құралған команда жеңіп алса, 2-орынға Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері, 3-орынға Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ие болды.

Жеке есепте «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының нұсқаушы сержанты штаб-сержант Сергей Атаманов үздік шықты, екінші орын екінші сыныпты сержант Рүстем Махановқа, ал 3-орын Ауған соғысының ардагері Марат Смақовқа бұйырды. 

Айта кетерлік жайт,  «Астана» өңірлік қолбасшылығы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырғалы отыр.

Ал, 2015 жылғы 15 ақпанда, әсерлердің Ауғанстаннан шығарылғаны атап өтілетін күні Қарағанды қаласындағы Жеңіс саябағындағы интернационалист жауынгерлер ескерткіші маңында Қарағанды гарнизоны әскери қызметшілерінің салтанатты митингі өтеді.