Қарағанды облысының әкімі «Қазақстанда жасалған» акциясына қатысты

13 Ақпан, 2015 19:33
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Карағандыдағы супермаркеттердің бірін аралап, ондағы отандық өнімдермен танысып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Қазақстанда жасалған» атты акцияға қолдау көрсетті, деп хабарлады аймақ әкімдігінің өкілдері.

«Бізде жергілікті жерде өндірілетін сүт өнімдері, шұжық, ет өнімдері, ұн, кәмпиттер, нан өнімдері сияқты бірінші кезекте қажетті азық-түліктердің  барлығы бар»,-деді облыс әкімі.

Ол дүкеннен біраз тағамдар сатып алды және олардың барлығы да жергілікті жерде өндірілген өнімдер болатын. «Мұнда жергілікті жерде өндірілген өнімдер мен отандық өнімдер өте көп. Өз кезегінде бұл кәсіпкерлерді ынталандыруы тиіс»,-деді Н.Әбдібеков.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қазақстанда жасалған» атты акцияның бастау алғандығын айтқан болатын.

Барлық жаңалықтар