• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанға шетелдік жұмыс күшінің басым бөлігі Қытайдан келеді – вице-министр

Қазақстанға шетелдік жұмыс күшінің басым бөлігі Қытайдан келеді – вице-министр

13 Ақпан, 2015 14:10
Қазақстанға шетелдік жұмыс күшінің басым бөлігі Қытайдан келеді , деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов ҚР Парламенті Мәжілісінде көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша заңжобасын таныстыру барысында.

«Көбіне шетелдік жұмыс күші Қазақстанға Қытайдан келеді – 9,6 мың адам (31 %), Түркия - 6,1 мың адам (20 %), Үндістан  - 2,3 мың адам (8 %), Италия - 1,5 мың адам (5 %),  Өзбекстан - 1,1 мың адам (4 %)», - деді Арғандықов.

Осы ретте шетелдік жұмыс күшінің басым бөлігі құрылыс саласында - 20,8 мың адам немесе 66,5%-ы, таукен өндіру саласында  - 2,3 мың адам  (7,4 %), қайта өңдеу өндірісінде  - 1,6 мың адам (5,2 %), әкімшілік және көмекші қызмет саласында - 980 адам (3,1 %), ауыл, орман мен балық шарушылығы саласында  - 552 адам (1,7 %) жұмыс істейді.

Сонымен, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша еліміз бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген 30 728  рұқсатнама жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, ДСӘДМ вице-министрі хабарлағандай, шетелдік жұмыс күшінің 42,9 % - мамандар, 28,2% -  білікті жұмысшылар, 20,6%  - құрылымдық бөлімдердің жетекшілері, 6,5% - бірінші бастықтар мен орынбасарлар және тек 1,7% - ы ғана маусымдық шетелдік жұмысшылар.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар