Сенат депутаттары отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге шақырады

13 Ақпан, 2015 13:39
Қазақстандықтар өздерінің өндірушілеріне қолдау көрсетуі керек, деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Перепечина ОКҚ-да өткен брифингінде.

«Мен қазақстандық тауардың тұтынушысымын, отандық өнімнің сапасын жоғары бағалаймын. Мәселен, ет және сүт өнімдерінен тек қазақстандықты сатып аламын. Бұл бірінші кезекте сапалы экологиялық таза өнімнің кепілі»,- деді О.Перепечина.

Бүгінгі таңда Қазақстанда кәсіпорындар ИИДМБ арқылы ала отырып  жаңа тенологияға көшуде. Өндірісті жаңғыртумен және басәкеге қабілетті өнімді шығарумен айналысады.

«Қазақстандықтар өздерінің өндірушілеріне қолдау көрсетуі керек . Бүгінде Ресей Федерациясынан келетін тауарлар экономикалық жағдайда отандық өнімнен едәуір арзан.  Алайда біз патриот болуымыз керек, дүкендерді аралағанда бірінші кезекте өзіміздің тауарымызға басымдық беруіміз керек»,- деп ағынан жарылды депутат.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанда жасалған» акциясының іске қосылғаны туралы жариялады.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар