• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте тұрғындардың көшіп-қонуы мен жұмыспен қамту мәселесіне қатысты заң жобасының тұсауы кесілді

Мәжілісте тұрғындардың көшіп-қонуы мен жұмыспен қамту мәселесіне қатысты заң жобасының тұсауы кесілді

13 Ақпан, 2015 12:21
Бүгін Парламент Мәжілісінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Даулет Арғандықов Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұсауын кесті.

 «Көші-қон мен тұрғындарды қамту саясатын жетілдірудегі негізгі бағыттар ретінде  еңбек көші-қоны мен шетелдік жұмыс күшін елге тарту, этникалық көші-қон мен осы бағыттағы реттеу шараларын жетілдіру, оралмандардың ықпалдасуы мен бейімделуі, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту сияқты мәселелерді атауға болады»,-деді Д.Арғандықов.

 Оның айтуынша, заң жобасында этникалық көші-қон саласы бойынша оралман мәртебесін алу шарасы қарастырылған.

Аталмыш мәртебе оралман азаматтарға еліміздің қай аймағына жіберілгендігіне қарамастан, осында тұрақты тұруларына мүмкіндік береді.

 Ал жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша осы процедураларды жетілдіру, шетелдік жұмыс күшін тартуға квота беру, жұмыс күшін тарту шараларын ақылы ету сияқты өзге де бірқатар мәселелер қарастырылған.      

Индира Қауметова

Азамат Алиев 

Барлық жаңалықтар