• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысының әкімі жел генераторларын өндіретін цехтің жұмысымен танысты

Алматы облысының әкімі жел генераторларын өндіретін цехтің жұмысымен танысты

13 Ақпан, 2015 14:49
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Ақсу ауданына сапары барысында бірқатар нысандарды аралап көрді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен облыс әкімі аудан орталығындағы 50 пәтерлі қайта жөндеуден өткен 5 қабатты тұрғын үй ғимаратының жұмысымен танысты.

Тұрғын үй кешені 90 жылдары бой көтеріп, кейіннен қараусыз қалғандықтан жергілікті билік өкілдері оны өз балансына алып, толықтай қайта жөндеуден өткізген. Тұрғын үйге жалпы сомасы 244 млн. теңге жұмсалып, қайта жаңартылды. «Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша мұнда алдымен аудан орталығында кезекте тұрған көпбалалы аналар, мүгедектер орналастырылатын болады», - делінген хабарламада.

Келесі кезекте облыс әкімі аудан орталығындағы колледж қабырғасында орналасқан шағын қуатты жел генераторлары мен күн энергиясынан қуат алатын панельдер және кешенді тамшылатып суғару құрылғыларын дайындайтын цехтың жұмысымен танысты.

Кешен басшысы Арай Әкенайұлының мәлімдеуінше бүгінгі күні облыста 20 дана күн энергиясынан қуат алатын панельдер орнатылып, Шығыс Қазақстан облысына 20 дана осындай құрылғылар жөнелтілді.

Барлық жаңалықтар