- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық жастар көбіне техникалық мамандықтарға әуес - Қ.Бөрібеков (ВИДЕО)
Қазақстандық жастар көбіне техникалық мамандықтарға әуес - Қ.Бөрібеков (ВИДЕО)
«Қазіргі таңдағы жастардың мамандық таңдаудағы талғамдарына зер салып қарайтын болсақ, олардың көбіне техникалық мамандықтарға көп көңіл бөлетіндігін байқаймыз. Бұл дұрыс. Өйткені олар техникалық мамандықты мықты игерген азаматтардың қашанда сұранысқа ие екендігін жете түсінеді»,-деді Қ.Бөрібеков.
Оның министрлік мәліметтеріне сүйене отырып келтірген деректері бойынша, бүгінде елімізде 850 колледж бар болса, олардың жартысына жуығы жеке меншікте. «Ал жеке меншіктегі колледждер негізінен гуманитарлық мамандықтарға оқытады. Олардың арасында экономика, қаржы, құқықтану сияқты мамандықтар көп кездеседі. Ал техникалық және технологиялық бағыттағы сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласының агроном, механик, фермер сияқты мамандары бюджет есебінен оқытылады. Өйткені техникалық мамандықтарға үйрету кем дегенде 3 есеге қымбат»,-деді Басқарма төрағасының орынбасары.
Оның пайымынша, техникалық мамандық иелерін өз саласының шебері етіп шығару үшін оларды өз кәсібін меңгертіп, тиісті құрылғыда жұмыс істеуге үйретіп, тіпті оған машықтандыру да қажет болады.
Индира Қауметова
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Жаһандану және жастар тәрбиесі