ҚДБ Ұлттық қордың бірінші траншы қаражаты есебінен 8 жобаны мақұлдады

13 Ақпан, 2015 10:39
Ұлттық қордың бірінші траншы қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер 8 жобаны мақұлдады, деп хабарлады Қазақстанның даму банкі (ҚДБ).

«Қайта өңдеу өндірісін ұзақмерзімді қаржыландыру аясында Ұлттық қордың бірінші траншы қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) 5 ақпандағы жағдай бойынша 13 млрд теңгеден астам сомаға 8 жобаны мақұлдады. Бүгінде үш жоба бойынша 2 млрд теңгеге қаржыландыру ашылды», -  делінген «ҚДБ» АҚ желісі бойынша бөлінген Ұлттық қордың қаражатын игеру қорытындысы бойынша жасалған мониторингте.

Мәселе ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіруге байланысты  бір қарыз алушы 200 млн-нан бастап 5 млрд теңгеге дейін қарыз ала алады, деп толықтырды ҚДБ.

Мониторинг мәліметтеріне сәйкес коммерциялық банктер Жамбыл мен Павлодар облыстарында үш жобаны қаржыландыру бойынша келісім берді.

Бұдан басқа, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында өндірісті жаңғыртып, кеңейтуге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, Алматы облысындағы кәсіпорынның техникасын жаңғыртуға қаражат қарастырылды.

Жалпы, Үкімет пен ҚР Ұлттық банкінің бірлескен Жоспарына сәйкес ҚДБ 2014 жылдың желтоқсан айында 13 коммерциялық серіктес банктерге Ұлттық қордың бірінші тарншының 50 млрд теңгесін болашақта ірі жобаларды ұзақмерзімді несиелеу үшін берді.

Жоспар бойынша ҚДБ қайта өңдеу саласының 23 бағыты белгіледі. Олар: азық-түлік, киім мен қағаз өнімдерінің өндірісі, кокс және мұнайды қайта өңдеу өнімдері, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттардың өндірісі.

Барлық жаңалықтар