• Басты
  • Жаңалықтар
  • Еліміздің аймақтары үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы өте маңызды - А.Түкешева

Еліміздің аймақтары үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы өте маңызды - А.Түкешева

13 Ақпан, 2015 10:21
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының аса маңыздылығын және оның қазіргі таңда еліміз үшін өте тиімді болып отырғандығын атап өтіп, оны алдағы уақытта да жалғастыра беру қажеттігін айтты»,-деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Айгүл Түкешева.

Оның сөзінше,  тұрғындарды барынша кең ауқымда жұмыспен қамту аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты факторы және ол әлеуметтік саладағы басты міндеттердің бірі болып қалып отыр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы қазақстандықтарды жұмыспен қамтуда үлкен мүмкіндіктер тудырып отыр. «Осы ретте айта кететін мәселе, «Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020» бағдарламасына өткен жылы Орал қаласының 1 мың 548 тұрғыны қатысты. Осылайша 2014 жыл бойына барлығы 2 мың 832 азамат жұмыспен қамтылды»,-деді А.Түкешева.

 Бұған қоса 326-дан астам адам әлеуметтік нысандарға жұмысқа тұрды, 686 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.      

Барлық жаңалықтар