• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысының Ақсу ауданында 3,5 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Алматы облысының Ақсу ауданында 3,5 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

13 Ақпан, 2015 10:03
Алматы облысының Ақсу ауданында 3,5 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, деп хабарлады Ақсу ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға дамуының негізгі бағыттары туралы кеңесінде аудан әкімі Әділбек Далбағаев.

Аудан әкімінің баяндамасында айтылғандай өткен жылы аудандағы ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 16,2 млрд. теңге, өнеркәсіп саласындағы өнім көлемі 3,5 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, аудан бойынша 3 мыңнан астам кәсіпкерлер тіркеліп, олардың өндірген өнімдерінің көлемі 1,6 млрд. теңгеге жетті.

Есепті кездесуді облыс әкімі А.Баталов қортындылап, ауданда алдағы уақытта атқарылар ауқымды жұмыстардың көп екендігін мәлімдеді:

«Елбасы өткен жылғы жұмыс сапарында су ресурстарын тиімді пайдалануға, бос жатқан жерлерді пайдаланып, суармалы жерлердің өнімділігін арттыруды және қант қызылшасын, жүгері өсіруге басты назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар, облыста өндірілген жалпы өнімдегі, салық түсіміндегі аудандардың үлесінің диспропорциясын жоюды міндеттеді. Бүгінгі күні қант қызылшасының әрбір гектарына 60 мың теңге, оның қабылдау бағасын көтеру мақсатында зауыт шығындарының 50 пайызын субсидиялау қарастырылған. Сондықтан да үкімет тарапынан берілген көмектерді тиімді пайдалануды, атқарылар жұмыстардың ауқымды екендігін, оларға зор жауапкершілікпен қарауымыз тиіс екендігін жеткіземін», - деп атап өтті облыс әкімі А.Баталов.

Барлық жаңалықтар