- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да 127 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтауға 2 млрд. теңге бөлінді (ФОТО)
ШҚО-да 127 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтауға 2 млрд. теңге бөлінді (ФОТО)
ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлағандай, Аймақ басшысы құрылысы жүріп жатқан облыстық қан орталығы, «Самұрық Қазына жылжымайтын мүлік қорының» мердігерлігіндегі 9 монолитті тұрғын үй кешені, оңалту орталығы мен облыстық драма театрды аралады. «Жоспар бойынша қан орталығы 1 сәуірге, ал драма театры 1 мамырға дейін пайдалануға берілуі тиіс», - делінген хабарламада.
Шаһардағы әлеуметтік маңызды нысандардың құрылыс жұмыстарына оң бағасын берген Даниал Ахметов кезектегі өзге де нысандар кешеуілдемей халыққа пайдалануға берілу керектігін атап өтті. Бұл орайда, медициналық мекемелер, мектептер мен балабақшалардың құрылысын аяқтауға баса маңыз берілмек.
«Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің барлығын есептегенде облысымызда 127 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Кейбіріне құрал-жабдық жеткіліксіз болса, кейбірінің құрылыс жұмыстарында ақаулар табылды. Біз биыл міндетті түрде ол нысандарды аяқтау үшін қаржыландыратын боламыз. Облыстық бюджеттен аталмыш жұмысқа 2 млрд. теңге бөлінеді. Жаңа нысандардың құрылысын бастаудың қажеті шамалы. Елбасы Н.Назарбаев тапсырғандай мемлекет қаржысын орынды пайдалануымыз керек. Ендігі кезекте 2 млрд. теңге 127 нысанның құрылысын аяқтауға жетуі тиіс», - деді Д. Ахметов.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі