• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев пен А.Лукашенко Минскідегі келіссөздердің қорытындыларын талқылады

Н.Назарбаев пен А.Лукашенко Минскідегі келіссөздердің қорытындыларын талқылады

13 Ақпан, 2015 08:34
Елбасы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«А.Лукашенко Ресей, Украина, Франция Президенттерінің және Германия Канцлерінің Минскіде «норманд форматында» өткізген келіссөздерінің қорытындылары туралы айтты», - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті өзін хабардар еткені үшін алғыс білдірді және кездесудің жақсы ұйымдастырылуымен, сондай-ақ келіссөздердің табысты аяқталуымен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары барлық тараптың бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін білдірді.

Президенттер таяу арада біздің елімізде Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері басшыларының кездесуін өткізу туралы уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Беларусь жағы бастамашы болды. 

 

Барлық жаңалықтар