• Басты
  • Жаңалықтар
  • А. Сәрінжіпов: 12 жылдық білім беруге көшу мектепке дейінгі дайындықтың бір жылын қарастырады

А. Сәрінжіпов: 12 жылдық білім беруге көшу мектепке дейінгі дайындықтың бір жылын қарастырады

12 Ақпан, 2015 18:43
12-жылдық білім беру мектепке дейінгі дайындықтың бір жылын қарастырады, деп мәлімдеді журналистердің сұрағына жауап берген ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

«Орта білімге келетін болсақ, біз Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында бір айдын ішінде ұсыныс беруіміз керек. Ұсыныс халықаралық  жүйеге және халықаралық талаптарға  сай болуға байланысты болмақ.  Біз 12 жылдық бірім беруге қарай жүретін боламыз, Елбасы тапсырғандай ол 11 жылдық білім беру аясында жүзеге асырылады және мектепке дейінгі дайындықтың  бір жылын қарастырады», - деді ҚР БҒМ басшысы.

Осы ретте министр толықтырып өткендей, бүгінде мектепке дейінгі дайындықпен 6 жастағы балалардың 95% қамтылуда. «Біз мектепке дейінгі бағдарламаны жетілдіру жолымен баратын боламыз. Бұл 1 плюс11 сияқты формула болады», - деп түсінірді министр.

А. Сәрінжіпов атап өткендей, ел экономикасына сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан білім саласын жетілдіру  өз жалғасын табады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар