- Басты
- Жаңалықтар
- Оқу жылы басталғанға дейін еліміздегі мектептер барлық қажетті оқулықтармен 100 пайыз қамтылады
Оқу жылы басталғанға дейін еліміздегі мектептер барлық қажетті оқулықтармен 100 пайыз қамтылады
«Бұл өте маңызды мәселе. Өткен жылы естеріңізде болса, оқулық бойынша үлкен талас-тартыс туып, бұл мәселе тіпті Парламент қабырғасында да талқыланды. Осыған қарай, желтоқсан айында біз оқулықтармен қамтамасыз етуге қатысты жаңа тәртіп белгіледік. Онда оқулықтардың тізіміне қатысты да мәселе енгізілді. Қаңтар айының басында бұл тізім де бекітілді. Енді баспалар оқулықтарды дайындап, оларды мектептерге жеткізу жағын да қарастырады. Қыркүйек айында мектептер оқулықтармен толық қамтылады деген ойдамыз», - деп жалғады сөзін Білім және ғылым министрі.
Бұл ретте Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев министрге елдегі мектептер тамыз айында оқулықтармен толық қамтылып бітуі керектігін ескертті. «Тамыз айының басында-ақ барлық аудандар мен елді мекендерде қажетті оқулықтардың барлығы болуы керек. Біз өткен жылғы қателігімізді қайталамаймыз деген ойдамын. Сіздер осы уақытта белгіленген жоспар бойынша жұмыс істеулеріңіз керек. Әрбір іс белгіленген уақытынды аяқталуы керек. Тағы қайталап айтамын, мектептер тамыз айында толық оқулықтармен қамтылуы керек»,-деді Б.Сапарбаев.
Бұған Білім және ғылым министрі белгіленген жұмыстың уақытында аяқталатындығын жеткізді. «Біз жергілікті атқарушы органдармен дайындап, пысықтадық. Сөйтіп әр аптаны қамтитын жоспар құрдық. Біз осы жоспардан ауытқымаймыз. Оқу жылының басында оқулықтар барлық мектепте толық көлемде болады»,-деді министр.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды