Қазақстанда 2015 жылы 109 жаңа мектеп пайдаланылуға беріледі

12 Ақпан, 2015 18:09
Ағымдағы жылы Қазақстанда 109 жаңа мектеп пайдаланылуға беріледі, деп деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ҚР БҒМ алқа отырысында.

«Жаңа 109 мектепті пайдаланылуға беру жоспарлануда, оның ішінде 69 апатты жағдайдағы мектептердің орнына беріледі. Бірден аудандағы әріптестеріме ескерткім келетіні, мектепке деген өтініш  жаңа типтік жоба бойынша жобалық – сметалық құжатнама дайын болған жағдайда ғана қабылданатын болады», - деп түсіндірді министр.

Осы ретте, А. Сәрінжіпов хабарлағандай,  2015 жылы мектептің білім беру жүйесінде мемлекеттік білім беру стандарттары толығымен жасақталады. Жалпы, ол бүгінде алғашқы сынақтардан өтуде. «Ал, ұстаздар болса электронды білім беру бойынша біліктіліктерін жетілдіреді және жаңартылған білім беру бағдарламаларын меңгереді», - деп толықтырды ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар