- Басты
- Біздің мақсатымыз – жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу – В.Валиев
Біздің мақсатымыз – жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу – В.Валиев

ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елдегі және әлемдегі жағдайды тайға таңба басқандай айтып берді. «Біздің бүгінгі экономикалық саясатымыз дұрыс, мәселелер сыртқы нарықтың әсерінен туындап отыр. Қазақстанда экономикалық дағдарыс жоқ», – деді Мемлекет басшысы.
«Біздің облысымыз Ресейдің бес облысымен шекаралас болғандықтан, аймақтың экономикасына сыртқы факторлардың қаншалықты әсер ететінін ерекше сезінеді. Президентіміз айтқанындай, барлық қажетті шаралардың бәрі шұғыл алынған, барлық ресурстар «Нұрлы жол» бағдарламасының және үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығының жоспарларын жүзеге асыруға бағытталатын болады», - деді В.Валиев.
Ол атап өткендей, бизнесті қолдаудың шаралары жайлы айтқанда, ол ірі компания болсын, орта кәсіпкерлік немесе жұмысын жаңа бастаған кәсіпкер болсын, олардың бірде-біреуі шет қалмайды. Осы жерде Елбасымыздың Ресейдегі сұраныстың қысқаруына байланысты қазақстандық экспортты диверсификациялау жөніндегі жұмыстарды күшейтуге қарқын беру туралы айтқаны аса маңызды. Сондай-ақ біз арзандатылған энергоресурстар мен жабдықтайтын және босалқы бөлшектерді өзіміздің экономикамызды, соның ішінде өңдеуші кәсіпорындарды дамытуға пайдалануымыз керек. Қазір – қарқынды еңбек ететін уақыт. Ұлттық компаниялардан, жер қойнауын пайдаланушылардан тапсырыстар қажет.
«Ең бастысы – кәсіпорынды өнім өндірудің қажетті көлемімен, яғни жұмыспен қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын қысқартпай сақтап қалуымыз керек. Мысалы, біздің зауыт басқа да кәсіпорындардың қатарында әкімдікпен және кәсіподақпен жұмыс орындарын сақтап қалу жөніндегі меморандумға қол қойды. Бүгінгі таңда «Зенит» және облыстағы төрт кәсіпорын биылғы Мемлекеттік қорғаныстың тапсырысына енгізілген. Сондықтан облыс әкімдігі мен зауыт басшылығы кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне барлық мүмкіндікті туғызады деп үлкен сеніммен айтуға болады», - деп түйіндеді ол.
-
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр
-
Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырмақ
-
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды
-
Жол бойында көрсетілетін қызмет сапасы арттырылмақ
-
Қ.Тоқаев: Локдауннан ертерек шығудың бірден-бір жолы – вакцина
-
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі
-
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Антикор басшысына тікелей өтініш жолдау мүмкін бе
-
Алаштың Ахаңы: өмір жолы мен өміршең идеялары
-
Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім
-
Ұлт ұстазы – Ыбырай Алтынсарин
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы: нәтижелер, мемлекеттік гранттар, микрокредиттер
-
Жол жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингі жасалмақ

