• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Үкіметі қайта қаралған бюджетті Парламентке келесі аптада енгізеді

Қазақстан Үкіметі қайта қаралған бюджетті Парламентке келесі аптада енгізеді

12 Ақпан, 2015 15:43
Қайта қаралған республикалық бюджет келесi аптада Парламентке енгiзiледі. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингiнде ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова мәлiмдедi.

«Қазір Үкімет бюджетті қайта қарауда, ал келесі аптада Парламентке енгізетін болады», - деді Г.Қарағұсова.

Депутат атап өткендей, Ұлттық қордан 500 млрд теңге «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінетін болады.  «Бюджеттiң шығыс бөлiгiн оңтайландыру туралы тапсырма берiлген болатын. Мен бұл ретте «бюджет қысқартылады» деген сөзді әдейі қолданбай отырмын. Бюджет 700 млрд теңгеге оңтайландырылсын деген мiндет қойылды», - деді Г.Қарағұсова

«Министрлiктер, мемлекеттiк органдар мен ұлттық компания шығыстары қысқартылады. Мәжiлiс депутаты мемлекет өз әлеуметтiк мiндеттемелерiнен бас тартпайды», - деді ол.

Сонымен қатар, ол нақты тиiмдiлiгiн көрсете алмай отырған жобалар қысаратынын мәлімдеді. 

Камила Амирова 

 

Барлық жаңалықтар