• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы Қазақстандағы 3 ауысымды мектептер екі есеге қысқарады – Сәрінжіпов

2016 жылы Қазақстандағы 3 ауысымды мектептер екі есеге қысқарады – Сәрінжіпов

12 Ақпан, 2015 15:36
2016 жылы Қазақстандағы 3 ауысымды мектептер екі есеге қысқарады, сондай-ақ, апатты жағдайдағы мектептер саны 30 пайызға қысқарады, деді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ҚР БҒМ алқа отырысында.

«Орта білім беруде біз стандартты жаңарттық, жаңа оқыту бағдарламаларын дайындадық, жаңа 120 мектеп салып, 3 ауысымдық тәртіпті қысқарттық. Келесі жылы тағы да жаңа 110 мектеп салуды жоспарлап отырмыз, апатты жағдайдағы мектептер саны 30 пайызға қысқаратын болады,  үш ауысымды мектептер 2 есе қысқарады», - деді министр.

Сәрінжіпов атап өткендей, кәсіптік техникалық білім беруде Министрліктің қызметі дуальді оқытуды дамыту.

«Бүгін 250 колледж бен 3 мың кәсіпорын бірлесіп жұмыс істеуде», - деді ол.

Айта кетейік, республикада 2014-2015 оқу жылдары 7563 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеуде. 2014 жылдың 1 қарашасына сәйкес, 50 апаттық жағдайдағы мектеп пен 27 үш ауысымды мектептің проблемасы шешілді.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар