- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ-де адам құқықтарын жетілдіру мәселелері талқыланды
ҚР СІМ-де адам құқықтарын жетілдіру мәселелері талқыланды
Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Е. Ыдырысов сөйлеген сөзінде отырыс қатысушыларын Елбасы Н. Назарбаев қатысуымен өткен ҚР Үкіметі кеңейтілген мәжілісі туралы хабардар етті. Ол аталған мәжіліс барысында көтерілген сұрақтардың ККО шеңберіндегі мәселелермен тікелей байланысын, Елбасының мәжіліс барысында айтқан сөзінде және ККО жұмысында адам, оның құқытары мен қажеттіліктері мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығы болатынын атап өтті.
ҚР СІМ басшысы меморгандар мен ҮЕҰ арасындағы ықпалдастықтың ілгерілеуі мен сындарлылығын қанағатпен атап өтті. «Диалог алаңының әмбебаптығын атап өткім келеді, оның шеңберінде меморгандар мен азаматтық сектор ұстанымдарының өзара жақындасуы, жанасуы, өзара сенімділіктің артуы байқалады. ККО жұмыс тобы мен топтамалары құрылған диалог алаңының институционализациясын құптаймын», - деді ол.
Отырыс барысында биліктің ресми өкілдері азаматтық қоғам басшыларымен ККО 2014 жылдағы қызметін қорытындылап, келесі жылға Жұмыс жоспарын бекітті.
«Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты Әйгүл Соловьева және Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы кеңесінің төрағасы Евгений Жовтис тең төрағалығымен құрылған ККО Жұмыс тобының жұмысы мен жоспарлары туралы ақпарат ККО мүшелеріне баяндалды.
ККО Жұмыс тобының шеңберінде демократия, адам құқытары, заң үстемдігі және заңнама бастамалары бойынша 4 топша құрылған. Жұмыс тобының және аталған топшалардың жұмыс кестелері жұмыс тобы тең төрағалары мен мүшелерімен бірлесіп бекітіліп, СІМ және т.б. мүдделі министрліктер мен мекемелерімен тығыз үйлестірілетін болады. Топтамалардың Үкімет тарапынан тең үйлестірушілері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары болады деп күтілуде.
Ұсынылған тетік ККО жұмысының ҚР билік ресми өкілдерінің, Парламент депутаттарының азаматтық қоғам басшыларымен ынтымақтасудың диалог форматынан тәжірибелік форматына ауысудың маңызды элементі болып табылады.
2013 жылғы ККО жұмысының қорытындылары бойынша 157 рекомендация, 2014 жылы 109 рекомендация жасалынды. ККО Жұмыс тобы және топшалары еліміздегі демократияны дамыту мен адам құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған, Үкімет және азамат қоғамымен келісілген ұсыныстарды жақын арада жүзеге асыруды көздеп отыр.
Отырыс қатысушылары алаңның кемелдену, институционализациялану үрдістерін атап, адам өлшемі бойынша бірлесіп жұмыс істеуге және диалог алаңының нәтижелі болуы үшін қызмет атқаруға келісті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары