- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жақыпов пен Түрікменстан елшісі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қ.Жақыпов пен Түрікменстан елшісі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
«Тараптар екіжақты ынтымақтастық бағытындағы кең ауқымды мәселелерді талқылай отырып, отын-энергетикасы, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация сияқты салаларды болашағы зор басым бағыттар ретінде атап өтті», - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Осы орайда Қ.Жақыпов пен М.Акмырадов Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынастарды жоғары бағалады. Олардың пікірлерінше, тұрақты даму үдерісіне екі елдің мемлекет басшылары тың серпін беріп отыр.
Келіссөздер барысында әлемдік экономикадағы жаһандық үдерістер туралы сөз қозғаған Мәжіліс спикері Қ.Жақыпов, Қазақстан басшысының елімізге кері әсерін тигізуі мүмкін дағдарысқа төтеп беруге бағытталған саясатының басым бағыттарына тоқталды.
Өз кезегінде түрікменстандық дипломат Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенді саясаткер екендігін атап өте келе Қазақстанның даму қарқынын ерекше атап көрсетті. Кездесу барысында, сонымен қатар парламентаралық байланыстарды нығайтуды белсенді жүргізу қажеттігіне ерекше көңіл бөлінді. Қ.Жақыпов түркменстандық әріптесін биылғы жылдың күз айында елордада өтетін түркітілдес мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының пленарлық мәжілісіне қатысуға шақырды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі