- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионатқа 28 құрама команда қатысады (Фото)
ҚР өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионатқа 28 құрама команда қатысады (Фото)
ҚР ТЖ комитеті хабарлағандай, жарыс бағдарламасы спорттың 2 түрі бойынша өтеді, атап айтқанда 4-қабаттың терезесіне шабуыл сатысы бойынша көтерілу (ерлер) және оқу мұнарасының 2-қабатының терезесіне шабуыл сатысы бойынша көтерілу (әйелдер), 100 метрлік кедергілері бар жолақты жүгіріп өту.
Қысқы чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-лейтенант В.К.Божко, ҚР ІІМ ТЖ комитетінің және Қазақстан Республикасы Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының басшылығы қатысты.
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат жыл сайын өтетін жарыс, оған біздің елдің әртүрлі қалаларынан келген спортшылар қатысады. Өз қаласы мен облысы атынан қатысып жатқандықтан олардың әрқайсысы үздік нәтиже көрсетуге тырысады.
Алайда, жарыстар өрт сөндірушілер-спортшылардың дағдыларын арттыру мен олардың арасынан үздігін таңдағаннан басқа оларды біріктіреді, әлемдік және барабар бәсекелестік рухына шақырады, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Сонымен қатар жарыстар отпен күресушілер күнделікті құтқаратын қарапайым адамдарға олардың жұмыстарының ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік беріп, өздерін өрт орын алған жағдайда қалай ұстау керектігін үйретеді.
Қысқы чемпионат аясында жарыстарда қолжеткізген жетістіктері және салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттауға атсалысқандары үшін жарыстың үздік қатысушылары Қазақстан Республикасы ІІМ грамоталарымен, алғыс хаттарымен және дипломдарымен марапатталды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Шомылу маусымы кезіндегі қауіп-қатер мен өрт қаупін алдын алу шаралары -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек