- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында БЖК аясында 1400-ден астам жұмыс орны ашылды
Қарағанды облысында БЖК аясында 1400-ден астам жұмыс орны ашылды
Оның ішінде, 2014 жылы сомасы 12,5 млрд. теңге болатын 120 жобаға қолдау білдірілді. «Нәтижесінде, қолданыстағы 39,5 жұмыс орны сақталып, 10 мыңға таяу жаңа жұмыс орындары (оның ішінде, 2014 жылы 2,9 мың жұмыс орны сақталып, 1417 жаңа жұмыс орындары құрылды) ашылды», - делінген хабарламада.
2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі – индустриялық және туристік инфрақұрылымдарды дамыту, сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерінің іскерлік белсенділігін қолдау болып табылады. Біздің облыста индустриялдық аймақтардың 8 тұжырымдамасы әзірленген.
«Олар 4 мың жаңа жұмыс орны құрылатын 54 кәсіпорынды ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, облыс аумағынан өтетін жол қапталдарындағы бизнесті, автокөлік пен теміржол магистралдары төңірегіндегі қосалқы және сервистік нысандарды, соның ішінде, жаңа нысандарды дамыту жоспары әзірленген», - деді әкім.
Н.Әбдібеков атап өткендей, Мемлекет басшысының Жолдауындағы осы бағытты жүзеге асыру, түптеп келгенде, аймақтың ішкі өнімінде шағын және орта бизнестің үлесін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күннің өзінде аймақта шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді нысандарының саны 65 мыңнан асады. Оларда 229 мың адам жұмыспен қамтылған, яғни, 2013 жылға шаққанда – 101,2 пайыз. Өндірген өнімінің көлемі – 461 млрд. теңге.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді