- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда ДДС кеңсесінің ашылуы - Қазақстан үшін елеулі оқиға – ҚР Мемлекеттік хатшысы
Алматыда ДДС кеңсесінің ашылуы - Қазақстан үшін елеулі оқиға – ҚР Мемлекеттік хатшысы
Кездесуге Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.Қайырбекова, ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі Мелита Вуйнович және Республикалық медициналық палатаның президенті М.Құлжанов қатысты.
Мемлекеттік хатшы Якаб ханымды Алматыда ДДҰ-ның географиялық жағынан шалғайда орналасқан алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі офисінің ашылуымен құттықтады. Гүлшара Әбдіқалықова Алматыда ДДҰ-ның офисін ашу елеулі оқиға екенін, өйткені ертеректе 1978 жылы Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі ДДҰ/ЮНИСЕФ Декларациясы қабылданғанын атап өтті.
ДДҰ-ның Алматыдағы офисі осы ұйымның 53 мүше мемлекетін үйлестіруді жүзеге асыратын Еуропалық өңір мен Орталық Азия аумағындағы БҰҰ-ның алғашқы ірі офисіне айналды. Тараптар Қазақстан мен ДДҰ арасында ынтымақтастықтың көптеген бағыттары бойынша қалыптасқан берік әріптестік қатынастарға қанағаттанғандық танытты.
«Гүлшара Әбдіқалықова ДДҰ-ның Еуропалық бюросына Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда консультативтік және техникалық белсенді көмегі үшін ризашылығын білдірді», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының денсаулыққа, оның ішінде бала өлімін төмендету, ана денсаулығын жақсарту, АИТВ/ЖИТС-пен, туберкулезбен күреске байланысты Мыңжылдық даму Декларациясының мақсаттары мен міндеттерін орындауға елеулі мән беретінін атап көрсетті.
Атап айтқанда, Қазақстан ана мен нәрестелер өлімінің, орташа өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштерін және басқа да көрсеткіштерді жақсартты. 2009 жылдан бастап ана өлімі 3 есеге төмендеді және 2014 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда 11,8 құрады; нәрестелер өлімі 1,8 есеге төмендеді және 2014 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 10,0 құрады; ал межеленген өмір сүру ұзақтығы 70,4 жасқа жетті.
Кездесу қорытындылары бойынша Қазақстанның ДДҰ-ның Еуропалық Өңірлік офисімен арадағы ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, Мыңжылдық даму мақсаттарын іске асыру, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамыту мәселелері бойынша алдағы уақыттағы ынтымақтастығының негізгі басымдықтары айқындалды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді