Қ.Келімбетов: 2015 жылы теңге бағамының күрт өзгеруіне жол берілмейді

12 Ақпан, 2015 12:57
2015 жылы теңге бағамының күрт өзгеруіне жол берілмейді, деді Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетов ОКҚ брифингінде.

«2015 жылы біз теңге бағамының бірден өзгеріске ұшырауына жол бермеуді жоспарлаудамыз. Қазіргі таңда валюталық дәліздің ағымдағы саясатын ұстанып отырмыз. Макроэкономикалық жағдайлар аталмыш дәлізде болуымызға мүмкіндік береді», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Келімбетов айтып өткендей, Ұлттық банк ішкі және сыртқы нарықтарда қандай өзгерістер болып жатқандығын 3-9 ай көлемінде бақылап жүр.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы жақын арада Үкімет макроэкономикалық жоспардың өзгеруіне байланысты бюджетке өзгерістер енгізетіндігін айтты.

«Кеше негізгі макроэкономикалық жоспар өзгертілді. Үкімет жақын арада бюджетті нақтылайтын болады», - деді Келімбетов.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар