ҚР ҚМ өкілдері Германия аумағында әскери қызметті инспекциялады (Фото)

12 Ақпан, 2015 16:09
Қазақстандық басшылықпен және Беларусь Республикасы өкілінің қатысуымен көпұлтты инспекциялық топ 2011 жылғы Германия аумағында сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы Веналық құжат бойынша «аталған ауданның» инспекциясын жүргізді.

Инспекцияның мақсаты аталған ауданда (Берген, Мунстер-Норд, Мунстер-Зюд полигондары) алдын ала хабарламаны қажет ететін әскери қызметтің бар немесе жоқ болуын анықтайтын тексерісті жүргізу болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Жұмыс барысында Бундесвердің келесі бөлімдерінің командаванияларынан инспекторларға нақты баяндамалар ұсынылды: 1-ші танктік дивизия (Ганновер қ.), оқу процесін қамтамасыз етудің 9-танктік бригадасы(Мунстер қ.), 21-ші танктік бригада (Аугустдорф тұрғын орны), 12-ші танктік бригада (Амберг қ.), 31-ші парашюттік-десанттық полк (Зедорф тұрғын орны), 10-шы көліктік-вертолеттік полк (Зедорф тұрғын орны), 100-ші инженерлік-саперлік полк (Минден қ.) және «көрсетілген ауданда» орналасқан Ұлыбритания Қарулы күштерінің 1-ші дивизиясы.

Сонымен бірге, инспекциялық топ Батыс Еуропадағы «Берген» полигонындағы Бундесвердің 12-ші танктік бригадасының 10-шы танктік дивизиясы жүргізіп отырған командалық-штабтық оқуларын бақылау мүмкіндігіне ие болды.

 

Барлық жаңалықтар