• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Келімбетов: 2016 жылдың 1 қаңтарына қарай ҚР-да нашар несиелер деңгейі 10 пайызға дейін төмендейді

Қ.Келімбетов: 2016 жылдың 1 қаңтарына қарай ҚР-да нашар несиелер деңгейі 10 пайызға дейін төмендейді

12 Ақпан, 2015 11:55
2016 жылдың 1 қаңтарына қарай ҚР-да нашар несиелер 10 пайызға дейін қысқарады.Бұл туралы ОКҚ брифингінде Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

«Ұлттық банк жұмыс істемейтін несиелер бойынша үлкен жұмыс атқарды. Бұл жайында Мемлекет басшысы да айтып өткен болатын, біз 2001-2007 жылдары берілген нашар несиелердің тазалауын жүзеге асыру керекпіз. Егер де проблемалы несие 33 пайызды құрайтын болса, әрбір банк жүйесіндегі 3-ші несие нашар болады. Демек, 3 ай ішінде ешқандай төлем жүзеге асырылмайды, бүгінгі таңда бұл деңгей 23,5 пайызды құрап отыр», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, Қазақстанның барлық банктері жұмыс жоспарын орындады, онда нашар несиелердің деңгейі 15 пайыздан аспауы керек.

Сондай-ақ, Келімбетов 2016 жылдың 1 қаңтарына қарсы проблемалық несиелердің деңгейі 10 пайызды құрайтынын айтты.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ықпалдастырылған банктердің есебінен Қазкмомерцбанк пен БТА және Forte бірігуі проблемалық несиелерді азайтуға мүмкіндік береді. 2016 жылдың 1 қаңтарына қарсы олардың санын 10 пайызға жеткізу көзделіп отыр», - деді ол.

Келімбетов сондай-ақ, әрбір банк бұл норма пішінінен аспауы керек.

«Егер де банк бұл тәртіпке сай келмесе үдерістік нормативті бұзу болып саналады», - деді Қ.Келімбетов.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар