• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда теңгелік несиелер көлемі 8,5 трлн теңгеге дейін жетті - Ұлттық банк

Қазақстанда теңгелік несиелер көлемі 8,5 трлн теңгеге дейін жетті - Ұлттық банк

12 Ақпан, 2015 11:44
Қазақстан Республикасында теңгелік несиелер көлемі 8,5 трлн теңгеге дейін артты, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ-да өткен брифингте.

 «Өткен жылда теңгелей несиелер көлемі 8,5 трлн теңгеге дейін, шетелдік валютада 3,5 трлн теңгеге дейін және 2014 жылы жалпы несиелендіру көлемі 7%-ға дейін артып, 12 трлн теңгені құрады. Оның ішінде теңгелік несиенің салыстырмалы салмағы 2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда  2014 жылдың желтоқсанында 70,3%- дан  70,8%-ға дейін өсті», - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.

Сонымен қатар, Қ. Келімбетов  атап өткендей, 2014 жыл ішінде Ұлттық банктың қоры 17%-ға артты.

«2014 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық банктың алтын валюта қоры 28,9 млрд долларға жетіп, 17%-ға өсті», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар