Қазақстанда теңге өтімділігінің үш еселік қоры бар - Келімбетов

12 Ақпан, 2015 11:19
Бүгінгі таңда Қазақстанда теңге өтімділігінің үш еселік қоры бар, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ-да өткен брифингте.

«Біздің елімізде  теңге өтімділігінің 3 еселік қоры бар және теңгенің өтімділігі жоқ, себебі банкноттық фабрика жұмыс істемейді деген сияқты қорытындылар үлкен сұрақтар тудырады. Теңге өтімділігі қаншалықты жеткілікті болса доллар өтімділігіде  баршылық. Ұлттық қордада ол жеткілікті, сондықтанда бұл мәселе төңірегінде күдіктенудің қажеті жоқ»,-  деп түсіндірді Қ. Келімбетов.

Осы ретте, Ұлттық банк басшысы атап өткендей, өткен жылы ақпан айында халық екінші деңгейлі банктерді тестілеуден өткізген болатын.

«Менің ойымша олар бұл тесттен жақсы өтті және долллар немесе  теңге түрінде қолма-қол ақша тұрғысында ешқандай сұрақтар болмауы керек», - деп түйді Келімбетов.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар