• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ. Келімбетов: Қазақстанның алтын валюталық жиынтық қоры 100 млрд доллардан асып жығылды (Фото)

Қ. Келімбетов: Қазақстанның алтын валюталық жиынтық қоры 100 млрд доллардан асып жығылды (Фото)

12 Ақпан, 2015 10:47
Еліміздің тарихында алғаш рет алтын валюталық жиынтық қоры 100 млрд доллардан асып жығылды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ-да өткен брифингінде.

«Ұлттық қордың активтері  3,9%-ға артып, жыл қорытындысы бойынша 73,6 млрд  долларды құрады және еліміздің тарихында алғаш рет алтын валюталық  жиынтық қоры 100 млрд доллардан асып жығылды», - деп мәлімдеді Келімбетов.

Сонымен, оның айтуынша, 2008-2010 жылдарда алтын валюталық жиынтық қоры 50 млрд доллардай болатын, яғни осы уақытқа дейін еліміздің алтын валюта қоры 2 есе өсті деуге болады.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев 

Барлық жаңалықтар